| Жанна Қонақбай 40 жыл Мен өз идеямды нақты нәтижеге айналдыра алатын, мақсатыма сенімді қадаммен жететін жанмын. Кәсіпкерлік саласында 15 жылдан астам тәжірибем бар. Білімім — заңгерлік, сонымен қатар бухгалтерлік есеп пен аудит бағыттарын меңгергенмін. Бұл білімім маған бизнесті дұрыс жүргізуге, жауапты шешімдер қабылдауға үлкен көмегін тигізеді. Қазіргі таңда менің жеке наубайханам және әйелдер іш киімі бөлімім бар. Бұл — менің еңбекқорлығым мен талпынысымның нәтижесі. Бос уақытымда спортпен айналысамын. Спорт маған күш-қуат беріп, тәртіп пен шыдамдылықты дамытады. Мен үшін ең үлкен құндылық — отбасым. Жолдасым, үш балам және немерем бар. Олар менің басты мотивациям және шабыт көзім. Бұл байқауға қатысудағы мақсатым — өзімді жаңа қырынан таныту мен дамыту, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу және медиялық тұлға ретінде қалыптасу. |